Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің ширек финалына шықты
6 сағат бұрын
0

Қазақстандық дербиде жеңіске жетті
Александр Бублик Гштаадтағы турнирдегі алғашқы матчын өткізді. Оның қарсыласы — отандасы Александр Шевченко болды. Елдің бірінші ракеткасы бұл кездесуде қиындықсыз жеңіске жетті, деп хабарлайды jay.kz.
Бублик Шевченкомен кездесуді екі сетте аяқтады. Алғашқы партияны 6:2 есебімен жеңіп алды, ал екінші сетті тек үш гейм беріп аяқтады. Матч барысында қазақстандық теннисші бес эйс орындады, алайда дәл сондай мөлшерде брейк-пойнттар да жіберіп алды. Ширек финалда Бублик аргентиналық Франсиско Комесаньямен кездеседі.
Комментарис
Сначала интересныелар
Комментариев еще нет. Поделитесь своим мнением первым и начните обсуждение!ывсы