Алиби Идрис Хамзат Чимаевпен бір кардта жекпе-жекке шығады

Қазақстандық файтер UFC-дің нөмірлі турнирінде өнер көрсетеді.
Алиби Идрис TUF шоуының жартылай финалында жеңіске жетіп, енді UFC келісімшарты үшін айқасатын болды. Қарсыласы әлі анықталған жоқ, бірақ финалдық жекпе-жектің күні белгілі. Қазақстандық спортшы Хамзат Чимаевтың жекпе-жегінен бұрын октагонға шығады, деп хабарлайды jay.kz.
Идрис Дан Уайтты әсерлі жеңісімен таңғалдырып, әлемдегі ең мықты лигаға өтуге мүмкіндік алды. Отандасымыздың қарсыласы Родригес Иманол мен Джозеф Моралес арасындағы кездесудің жеңімпазы болады. MmaJunkie мәліметінше, Алибидің жекпе-жегі UFC 319 турнирінде өтеді. Бұл кеште Хамзат Чимаев Дрикус дю Плессиге қарсы чемпиондық белбеу үшін айқасады.
Комментарис
Сначала интересныелар
Комментариев еще нет. Поделитесь своим мнением первым и начните обсуждение!ывсы