Янник Синнер допинг дауына себепкер болған жаттықтырушымен қайта жұмыс істеп жатыр

Әлемнің бірінші ракеткасы күтпеген шешім қабылдады
2024 жылы Янник Синнер допингке ілініп, бұл жағдайға өзінің физикалық дайындық жаттықтырушысы Умберто Феррараны кінәлаған болатын. Маман бірден қызметінен шеттетілді, бірақ енді Синнер оны қайтадан командасына қайтарды, деп хабарлайды jay.kz.
Бір жыл бұрын Синнер тыйым салынған заттардың ағзасына массаж кезінде түскенін айтып, жауапкершілікті Феррараға артқан еді. Жаттықтырушы сол сәтте жұмыстан қуылды. Алайда арада бір жыл өткен соң, күтпеген камбэк болды — ATP рейтингінің көшбасшысы Умбертоға қайта сенім артты. RMC дерегінше, ол бұрынғы қызметіне оралды. Теннисшінің командасы бұл шешімді алдағы ірі турнирлерге дайындықтың бір бөлігі деп түсіндірді.
Комментарис
Сначала интересныелар
Комментариев еще нет. Поделитесь своим мнением первым и начните обсуждение!ывсы