Қаршыға Дәутбек Rizin-дегі үміткерлік жекпе-жектен шығып қалды

Маңызды кездесу өтпейтін болды
Қаршыға Дәутбек жапондық Rizin промоушенінде титулға сенімді түрде қадам басып келе жатқан еді. Алайда енді оның жолы сәл ұзара түседі. Қазақстандық файтер үміткерлік кездесуден жарақатына байланысты шығып қалды, деп хабарлайды jay.kz.
Дәутбек Жапонияны өзінің жарқын әрі әсерлі өнерімен баурап алған. Жанкүйерлер оның 27 шілдедегі кезекті жекпе-жегін асыға күткен еді. Алайда енді олар біраз күтуге мәжбүр. Лиганың Instagram парақшасында Дәутбектің Киома Акимотоға қарсы жекпе-жегі өтпейтіні хабарланды. Қазақстандық спортшы жарақат алып, кем дегенде 6 аптаға қатардан шықты. Бұл кездесу отандық файтерді чемпиондық жекпе-жекке бір қадам жақындатар еді.
Комментарис
Сначала интересныелар
Комментариев еще нет. Поделитесь своим мнением первым и начните обсуждение!ывсы