«Ордабасы» Лига Конференциясынан шығып қалғаннан кейін «Ботафогоның» бұрынғы ойыншысымен келісімшарт жасады
2 ай бұрын
0

Шымкенттік клуб жас бразилиялық қорғаушымен күшеймек
«Ордабасы» Лига Конференциясында сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін қорғаныс шебін күшейту туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатта клуб 26 жастағы бразилиялық футболшымен келісім жасады, деп хабарлайды jay.kz.
Алан Диас футболдағы алғашқы қадамын Бразилияның «Гояс» клубында бастаған. Кейін ол «Ботафого», «Бразил», «Крисиума» және Болгарияның «Локомотив» командаларында тәжірибе жинады. Енді оның мансабында жаңа кезең басталмақ: BorodAbata.kz дерегінше, қорғаушы шымкенттік «Ордабасы» сапына қосылады. Transfermarkt сайтының мәліметі бойынша, Диастың нарықтық құны – 150 мың еуро.
Комментарис
Сначала интересныелар
Комментариев еще нет. Поделитесь своим мнением первым и начните обсуждение!ывсы