Шавкат Рахмоновтың жұбайына түрме жазасы қаупі төніп тұр: полиция тергеуді бастады
2 ай бұрын
0

Қайғылы оқиғаның салдары.
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы екі адамның өмірін қиған жол апатына себепкер болуы мүмкін, деп хабарлайды jay.kz.
Алматы — Екатеринбург тас жолында болған апатқа Гүлайым Рахмонованың көлікті басқара алмай қалуы себеп болған. Апат салдарынан екі жолаушы көз жұмды. Zakon.kz мәліметінше, Жамбыл облысының полиция департаменті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Аталған бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Комментарис
Сначала интересныелар
Комментариев еще нет. Поделитесь своим мнением первым и начните обсуждение!ывсы